Шымкентте World Skills сайысының аймақтық кезеңі аяқталды

1835
Adyrna.kz Telegram
Фото: Ш.Мұқанның фейсбук парашасынан
Фото: Ш.Мұқанның фейсбук парашасынан
Шымкентте World Skills сайысының аймақтық кезеңі аяқталды. Жеңіп шыққандар республикалық, онда жеңгендер Шанхайда өтетін сайысқа қатысады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан аймақтық кезеңге қатысқан жастардың шеберліктерін бағалап, олардың дайындаған тағамдары мен бұйымдарын көрді.
Сайыстың аймақтық кезеңіне 46 құзыреттілік бойынша 176 үміткер қатысқан. Олар «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Өндірістік және инженерлік технологиялар», «Қызмет көрсету саласы», «Білім беру», «Медицина», «Шығармашылық және дизайн», «Құрылыс индустриясы», «Көлік және логистика» бағыттары бойынша бақ сынасқан.
"Сайысқа қатысушылардың шеберлігін қала аумағындағы кәсіпорындардың жетекші мамандарынан құралған тәуелсіз сарапшылар бағалады", — деп жазды Ш.Мұқан фейсбук парақшасында.

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер