Біртановтың сот отырысы өтіп жатыр

3078
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты негізгі сот отырысы басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Процесс №2 Сарыарқа аудандық сотында өтуде.

«Көңіл-күйім жақсы, адвокаттарым отырыс аяқталғанға дейін ешқандай түсініктеме бермеуге кеңес берді. Күресетін боламыз. Отырыста толықтай естисіздер»,– деді Біртанов журналистерге.

Айта кетейік, Елжан Біртанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 361-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 361-бабының 3-бөлігімен және Олжас Әбішев Қылмыстық Кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отыр.

Пікірлер