Біртановтың сот отырысы өтіп жатыр

3538
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/7a12aa3e-3305-475a-93d3-7100a61e8fba.jpeg
Нұр-Сұлтанда бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов пен оның орынбасары Олжас Әбішевке қатысты негізгі сот отырысы басталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі. Процесс №2 Сарыарқа аудандық сотында өтуде.
«Көңіл-күйім жақсы, адвокаттарым отырыс аяқталғанға дейін ешқандай түсініктеме бермеуге кеңес берді. Күресетін боламыз. Отырыста толықтай естисіздер»,– деді Біртанов журналистерге.
Айта кетейік, Елжан Біртанов Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 361-бабының 4-бөлігі, 2-тармағы, 361-бабының 3-бөлігімен және Олжас Әбішев Қылмыстық Кодекстің 361-бабының 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша қылмыс жасады деп айыпталып отыр.
Комментарии
Другие материалы