Маңғыстауда мектеп бітірген оқушылар жол апатына түсті

6787
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/05/e7e0718e-4e27-4bbe-b25b-2927d78df07c.jpeg
Маңғыстауда мектеп бітірген оқушылар жол апатына түсті. Қайғылы оқиға Шетпе - Сайөтес жолының 268-шақырымында болды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, жеңіл көліктің 17 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, аударылып кеткен. Салдарынан 7 адам әртүрлі ауырлықтағы жарақат алды, оның екеуі ауыр халде.
Айта кетейік, оқиға ҚР ӘҚБтК-нің 345-бабы 2-бөлігімен тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер