Нұрлан Нығматуллиннің ұлы «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясының бас директоры қызметінен кетті

2887
Adyrna.kz Telegram

Нұрлан Нығматуллиннің ұлы (ҚР Парламенті Мәжілісінің бұрынғы төрағасы) «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясының бас директоры қызметінен кетті. Бұл туралы хабарламаны ҚМГ баспасөз қызметі таратты, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

«19 мамырда «ҚазМұнайГаз-Аэро» ЖШС-нің жалғыз қатысушысының шешімімен компанияның бас директоры болып Шамсутдинов Ильдар Тагирұлы тағайындалды. Бұл қызметте ол Нұрланов Нұржан Нұрланұлының орнына келді», - деп атап өтті ҚМГ.

Нұрлан Нұржанов 2019 жылдың ақпан айынан бері «ҚазМұнайГаз-Аэро» компаниясының бас директоры қызметін атқарды.

Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер