Тоқаев: "Алаяқтармен, аферистермен күресу керек"

1513
Adyrna.kz Telegram
Фото: minber.kz
Фото: minber.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев алаяқтармен күресу керектігін айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Бұл туралы Президент қазақстандық бизнес өкілдерімен кездесуде айтты.

— 2019 жылы өз Жолдауымда бизнестің жұмысына заңсыз кедергі келтіру мемлекет мүддесіне қарсы бағытталған қылмыс ретінде қаралуға тиіс деп айтқан болатынмын. Бұл — Бас прокуратураның жұмысы. Алаяқтармен күресу керек, тағы айтайын, алаяқтармен, аферистермен. Бірақ артық қыламыз деп тыртық қылмауымыз керек, - деді Тоқаев.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы жиынға келген кәсіпкерлерге былай деп үн қатты:

"Өткен кездесуде Жаңа экономикалық саясатты құруды тапсырған болатынмын. Бұл жұмыс жақсы жүріп жатыр деп айта алмаймын. Ой мен идея дефициті бар секілді. Бұл дағдарысқа қарсы шараларға да қатысты.  Мен блогосферада белсенділік танытқан және түрлі сын-ескертпе айтқан кәсіпкерлер мен экономистерді шақырып, Үкімет жанынан жұмыс тобын құруды тапсырдым. Бірақ бұл адамдар ұзаққа шыдамады, идеялар мен нақты ұсыныстар да болмаған секілді. Жиында отырғандардың бәріне айтарым: "Жаңа Қазақстанды бірге құрамыз" ұраны бос сөз емес. Кәсіпкерлердің, экономиканың нақты секторы өкілдерінің бұл іске атсалысуы өте маңызды".

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

 

Пікірлер