Барлық карантиндік шектеу шарасы алынды — Ажар Ғиният

2700
Adyrna.kz Telegram

Елімізде барлық карантиндік шектеу шарасы алынып тасталды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Министр Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайдың тұрақтанғанын жеткізді.

«Тәулігіне коронавирус инфекциясымен шамамен оншақты жағдайы тіркеледі, науқастардың 98%-дан астамы сауығып кетті. Қазір елде барлық шектеу шаралары алынған. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша соңғы аптада бүкіл әлемде ауру 12%-ға төмендеді»,– деді ол.

Пікірлер