Қызылордалықтардың қарызы 1 млрд теңгеден асты

3072
Adyrna.kz Telegram
Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz
Фото: zhanaqorgan-tynysy.kz

Қызылордалықтардың газға қарызы 1 миллиард теңгеден асып кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "Хабар 24"-ке сілтеме жасап.

Белгілі болғандай, қордаланып қалған қарызы бар абоненттің саны — 55 мың. Жылу маусымы аяқталғаннан кейін заң бойынша тұтынушыларды газдан ажыратуға рұқсат. Сондықтан «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ Қызылорда өндірістік филиалы үйлерді көгілдір отыннан ажыратуды бастап кеткен.

Мәселен,  Қызылорда қаласы, Қарабалаев көшесіндегі жеке тұрғын үйдің бірінің иесі екі жылдан бері ақы төлемеген. Қордаланған қарызы 142 мың теңгеден асып кетіпті. Жалпы бір ғана Титов ықшам ауданында 9300 абонент болса, соның 8 жарым мыңдайы уақытында төлем жасамай отыр.

 – Қарсылық білдіреді абоненттер, өшірткізбейді. Контроллерді де тыңдамайтын абоненттер бар. Ең жоғарғы қарыз 300-350 мыңнан басталады, ең төменгі қарыз 25 мың, 10 мың теңгеге дейін қарыздар бар, — дейді "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Қызылорда өндірістік филиалының бөлім басшысы Қ.Тұрғанбаева.

"ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ ҚӨФ апатты-диспетчерлік қызметінің басшысы Базарбек Ерімбетовтің айтуынша, бүгінде Қызылорда қаласы мен Қызылорда облысы бойынша тұтынушылардың газға берешегі 1 млрд теңгеден асып кеткен. 

 

"Адырна" ұлттық порталы.

 

Пікірлер