«Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты "Қазақстанның үздік туристік бренді" болды

2924
Adyrna.kz Telegram

Онлайн дауыс беру арқылы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курорты "Қазақстанның үздік туристік бренді" болып анықталды. Бұл туралы «Шымбұлақ» тау шаңғысы курортының директоры Ринат Әбдірахманов Instagram парақшасына жариялады, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

“Біз қазір бұл марапатты алғанымызға өте қуаныштымыз. Командамды мақтан тұтамын және олар марапатталғандар арасында сахнаға шықты.

Сөзсіз, бұл #shymbulakfamily ұжымының  марапаты. Ол - менің кеңесшім, тірегім, жол көрсетуші жұлдызым.

Жігіттер, бұл біздің ортақ жеңісіміз!  Мен сіздерге сонда болғандарыңыз үшін алғыс айтамын! Бізді қолдап, демалыс орнын жақсартуға көмектескен қонақтарымызға рахмет! “,-деп жазды ол.

Айта кетейік, бұл кешті ұйымдастырған Тикетон компаниясы.  Арнайы 10 жылдық мерейтойының құрметтіне өткізілді.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер