Соңғы аптада елімізде әлеуметтік маңызы бар өнімдердің бағасы 0,2%-ға қымбаттады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Ұлттық статистика бюросының мәліметі бойынша, апта ішінде бағаның өсуі байқалды. Атап айтсақ,
- бидай ұны, I сорт - 2,3%,
- сәбіз - 2%
- пияз - 1,9%
- картоп - 1,4%
- түйіршіктелген қант - 1,1%.
Сонымен бірге мына өнімдердің бағалары төмендеген:
- қырыққабат -12,9%
- І санатты жұмыртқа - 0,7%
- айран (2,5%) - 0,3%.
Жыл басынан бері әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары 15,3 пайызға қымбаттаған.
"Адырна" ұлттық порталы.