Көшербаев Омбыдағы Тоқаевтың мемориалдық тақтасына гүл қойды

5971
Adyrna.kz Telegram

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Омбы облысына жұмыс сапары барысында өңір губернаторы Александр Бурковқа ІІ дәрежелі "Достық" орденін табыс етіп, қаладағы Шоқан Уәлихановтың ескерткіші мен Кемел Тоқаевқа арналған мемориалдық тақтаға гүл шоқтарын қойды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы "sputnik.kz"-ке сілтеме жасап.

Ермек Көшербаев губернатормен ынтымақтастықтың барлық саласы бойынша кең ауқымды мәселелерді, оның ішінде Омбы облысы делегациясының сәуір айындағы Қазақстанға сапары кезінде қол жеткізілген уағдаластықтарды және мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевпен жүргізілген келіссөздерді талқылады.

— Мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық та қарқынды дамуда. Омбы облысында қазақ мәдениетін насихаттайтын іс-шаралар, жетекші кәсіби шығармашылық ұжымдардың қатысуымен фестивальдер, театрлар мен филармониялардың гастрольдері өткізіледі. Халық санағының қорытындысы бойынша өңірдегі саны шамамен 78-80 мың адамды құрайтын қазақ диаспорасы Қазақстанмен рухани көпір болып табылады", - делінген Қазақстанның Ресейдегі елшілігі таратқан хабарламада.

Айта кету керек, Омбыдағы Кемел Тоқаевтың мемориалдық тақтасы 2020 жылы ашылған болатын.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер