Президент соғыста ерлікпен қаза тапқан үш майдангерге «Халық қаһарманы» атағын берді

3244
Adyrna.kz Telegram
Фото: el.kz
Фото: el.kz

Мемлекет басшысының жарлығымен Екінші дүниежүзі соғысында ерлік көрсеткен үш майдангер марапатталды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы akorda.kz-ке сілтеме жасап.

«1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі мен қаһармандығы үшін жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын» делінген Жарлықта.

Одар:

  • Әбдібеков Төлеуғали Насырханұлы (марқұм) - 8-ші гвардиялық Қызылтулы атқыштар дивизиясы 302-ші гвардия атқыштар полкі 2-ші атқыштар ротасының мергені
  • Несмиянов Александр Александрович (марқұм) - 126-шы Горловка Қызылтулы атқыштар дивизиясы 690-шы атқыштар полкі 1-ші атқыштар батальонының командирі
  • Сүлейменов Ыбырайым (марқұм) - 100-ші бөлек атқыштар бригадасы атқыштар батальоны 2-ші бөлімшесінің мерген-бақылаушысы.

" Сүйінші! Тарихи әділдік орнады" Кеңес Одағының батыры атағына ұсынылып, алмаған қазақтың атақты снайперлері - Әбдібеков Төлеуғали мен Сүлейменов Ыбырайымға Мемлекет басшысының жарлығымен «Халық қаһарманы» атағы берілді. Мергендік қабілет қазақтар арасында ежелден бері өте жоғары бағаланған. Мүмкін, тектілігі, қазақ қаны өз ықпалын тигізген болар, соғыс жылдарында жоғары дәрежелі снайперлер арасында қазақтар саны аз болмаған...

Осы шайқас үшін Мәншүк Мәметова мен Ыбырайым Сүлейменов кейіннен Кеңес Одағының Батыры атағына ұсынылды. Мәншүк Мәметова Батыры атағын алды, Ыбырайым Сүлейменовке «Ленин» ордені берілді" , - деді Берік Әбдіғалиұлы Facebook парақшасына.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер