Сот Қайрат Құдайбергенге қатысты шешім шығарды

2885
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2022/04/d84dfad2-5147-4a45-b47f-39abbf15e1a9-960x500.jpeg?token=e4e91788233de6e8ba28ec5f4dd4707d
Алматы соты қаңтар оқиғасы кезінде жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастырды және  қатысты деген күдікпен ұсталған Алматы қаласының мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергенді қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Бұл туралы  Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі мәлімдеді. Алматы қаласының мәслихат депутаты Қайрат Құдайбергеннің аппеляциялық сот отырысы өтті. Сот Қайрат Құдайбергеннің қамауда ұстау туралы бұлтартпау шарасын өзгеріссіз қалдырды.
"Бүгін Алматы қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы қамауға алу санкциясын күшінде қалдырды, адвокаттардың жеке шағымдары қанағаттандырылмады. Бұған дейін тергеу соты іс-әрекетті саралау туралы шешім қабылданғанға дейін 30 тәулікке қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға санкция берген болатын", - делінген соттың хабарламасында.  

"Адырна" ұлттық порталы.

Пікірлер