Фотомерген

2697
Adyrna.kz Telegram
Автопортретті айшықтау
(Белгілі фототілші Болат Омарәлиевке арналады)
Көркем дала көз ашқалы көргенің,
Кестеленіп түседі-ау бір өрнегің.
Көкірегің - қазынаның көмбесі,
Көздегенін қалт жібермес мергенім...
Шындығыңды шебер ғана ұғады,
Шебердің де шарт сынады шыдамы...
Шамырқанып, шиті мылтық қолға алып,
Шырт еткізсең, шедевр боп шығады!
Бауыржан ОМАРҰЛЫ 
Пікірлер