30 сәуірде Британия премьер-министрі Борис Джонсон Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
Джонсон Украинаға Ресей Федерациясын жеңуге көмектесемін деп уәде берді. Борис Джонсонның айтуынша, оның командасы Киевке әскери және гуманитарлық көмек көрсетуді жалғастыра бермек.
Сондай-ақ, Британия премьер-министрі Лондон ресми түрде Ресей диктаторы Владимир Путиннің жоспарларының толық сәтсіздікке ұшырауын қамтамасыз етуді қалайтынын растады. Одан бөлек Джонсон мен Зеленский Мариупольден бейбіт тұрғындар мен жаралыларды эвакуациялауды талқылағаны атап өтілді.
"Адырна" ұлттық порталы