«Мусиад Қазақстан – кәсіпкерлер ассоциациясы» Түркістанда студенттерге ауызашар берді

5363
Adyrna.kz Telegram

«Мусиад Қазақстан- кәсіпкерлер ассоциациясы» Қ.А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің студенттеріне арнап, ауызашар дастарханын жайды.

Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан шаһарында өткен бұл шара түркі әлемінен келіп оқу ордасында білім алып жүрген студенттерге арналды.

Шараға ұйытқы болған «Мусиад Қазақстан- кәсіпкерлер ассоциациясының» төрағасы Йылмаз Кесен төмендегідей пікір білдірді:

«Біз- «Мусиад Қазақстан» ұйымы ретінде биылғы дәстүрлі ауызашар дастарханымызды екі бауырлас елдің ортақ ғылым мен білім ордасы, мақтанышымыз – Ясауи университетінің студент жастарына арнап жайдық. Өйткені жастар біздің болашағымыз, әрі олар екі бауырлас елдің өкілдері де сонымен қатар. Сондықтан да біз оларға сенім артамыз, арқа сүйейміз. Осы себепті Мусиад, өз құрылымда жастарға да арнайы кәсіпкерлік платформалар мен жаңа мүмкіндіктер ұсынуда. Айталық, күні кеше Мусиадтың жастар құрылымдарында белсенділік танытып, жан-жақты өзін дамытып, тәжірибе жинақтаған жастар бүгінде маңызды жобалардың бастамашысы болып жүр, Мусиадтың ұйымдастыру алқасында, Халықаралық кәсіпкерлік форумында, Халықаралық жастар конгресінде, Мусиад Визионер, Мусиад Экспо сында ірі шараларда маңызды қызмет тақаруда. «Мусиад Қазақстанның» есіктері жасарға әдайым айқара ашық».

Айта кетейік, Мусиад ұйымы өз құрамында алпыс мыңға жуық өндіріс пен компанияларды біріктірген, Түркия мен әлемнің өзге де елдерінде жүз алпыс төрт өкілдігі қызмет атқаратын кәсіпкерлік платформа болып табылады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер