Рудныйдағы колледждің 3 қызметкерінен стафилококк анықталды

2158
Adyrna.kz Telegram

Санитария дәрігерлері Рудныйдағы колледж студенттері неге уланып қалғанын айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 

Санитария дәрігерлері Рудный тау-кен технология колледжінің асханасында алынған сынама нәтижелерін айтты. Улануға себеп стафилококк болған.

"Зерттеу нәтижелері бойынша асхананың 3 қызметкерінен патогенді стафилококк анықталды. Дайын өнімнің барлық сынамасы микробиологиялық көрсеткіштерге сәйкес келмеді. Ауруханаға жатқызылған студенттердің талдауларынан да патогенді стафилококк анықталды. Инфекцияны тасымалдаушы асхана қызметкерлері болуы мүмкін", - деді Қостанай облысының Cанитария-эпидемиологиялық бақылау департаменті өкілі.

Тексеріс барысында санитария ережелері сақталмағаны анықталды: тамақ өнімдерін сапасы мен қауіпсіздігін растайтын құжаттарсыз пайдалану, тағамды сақтау шарттары мен дайындау технологиясының бұзылуы. Мамандар профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізді.
”Адырна” ұлттық порталы
Пікірлер