Экология министрлігі және "ӨКМ Операторының" басшылығы 180 млрд теңге жымқырмақ болған

2639
Adyrna.kz Telegram

Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі лауазымды тұлғалары "ӨКМ Операторы" ЖШС-дан 180 млрд теңге ұрламақ болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Бас прокуратураның үйлестіруімен "ӨКМ Операторы" компаниясынан 180 млрд теңге көлемінде қаражат ұрлаудың алдын алды.

"Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің лауазымды тұлғалары және "ӨКМ Операторы" ЖШС басшылығы электр энергиясын өндіретін 6 қоқыс жағатын зауыт салу үшін жеке ұйымды заңсыз қаржыландыру арқылы кәдеге жарату алымдары түрінде жиналған 180 млрд теңгені ұрлауға ниеттенген", – деп жазылған агенттік таратқан хабарламада.

Сондай-ақ электр энергиясын мемлекет 15 жылда негізсіз жоғары тариф бойынша сатып алуға және жеке компанияға млрд-таған пайда әкелуге кепілдік беруі керек болған.

"Уақытылы қабылданған шаралар нәтижесінде аталған заңсыз әрекеттер әшкереленіп, қаражат тұтқындалды. Экология вице-министрі мен "ӨКМ Операторы" ЖШС бұрынғы басшылары қамауда отыр. Олардың кінәсін сот айқындайды", – деп жазылған хабарламада.

Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жарияланбайды.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер