Атақты режиссер Асқар Тоқпанов пен танымал ақын Асқар Кіребаевтың Сыр бойында жолы түйіскен тұс. Тағы бір асқар тау - Асқар Тоқмағамбетовтың еліндегі жүздесу... Мұндай әсерлі сәтті әбжіл фототілші Болат Омарәлиев қалт жіберген бе?!
Аға мен іні... Ірілік пен ізеттілік. Ағылған бұлақ пен тыңдайтын құлақ... Зерде мен зейін... Мінез бен мәрттік... Қоңыр үн мен қоңыр мұң... Таланттың тоғысуы мен өнердің өбісуі... Қысқасы, бәрі бар бұл суретте... Топшысы қатты Тоқпановтың өр даусы құлағыңа келеді, үнсіз отырған кішіпейіл Кіребаевтың деміне дейін естіледі... Соның бәрін бір кадрға сыйғызбаса, Болат аға бола ма?!
Аспанменен үндескен,
Асқар таулар тілдескен....
Бауыржан ОМАРҰЛЫ