Абай Бисембаев ҚР резиденті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары қызметінен босатылып, Нұрсұлтан Назарбаевтың көмекшісі болып қайта тағайындалды. Бұл туралы Елбасының ресми сайтында хабарланды, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы.
«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының шешімімен Бисембаев Абай Айдарханұлы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Көмекшісі – Қазақстан Республикасының Президенті Іс Басқарушысының Бірінші орынбасары қызметінен босатылды", - делінген құжатта.
"Адырна" ұлттық порталы