"Қазпатентте" 8-наурызға арнап өткізілген стриптиз-шоу - Министрлік тексеріс бастады

4260
Adyrna.kz Telegram

Әділет министрлігі 8 наурыз күні  Ұлттық зияткерлік меншік институтынының қызметкерлеріне арналған стриптиз-шоу фактісі бойынша тексеруді бастады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы newtimes.kz-ке сілтеме жасап. 

"Көрдім. Тексеріс жүргізіліп жатыр",-деді Мусин дүйсенбі күні Мәжіліс кулуарында журналистің Ұлттық зияткерлік меншік институтының қызметкерлеріне арналған стриптиз-шоудың бейнежазбасын көрдіңіз ме деген сұрағына жауап бере отырып.

Журналист Әділет министрлігіне қарасты мекеме қызметкерлеріне арналған стриптиз-шоу өткізу фактісі расталды ма, жоқ па деген мәселені көтерді.

«Тексеру жүріп жатыр. Ол аяқталған кезде нәтиже болады», - деп уәде берді Әділет министрі.

Естеріңізге сала кетейік, сенбі күні өзін Ұлттық зияткерлік меншік институтының жүргізушісімін деп таныстырған белгілі бір Мадениятовтың ҚР Әділет министрінің атына еш себепсіз жұмыстан кетуге мәжбүрлеу фактісі бойынша шағымы жарияланған болатын. Шағым авторы жұмыстан тыс уақытта, демалыс және мереке күндерінде «байланыста болуға» мәжбүр болғанын, сондай-ақ Институт директорының м.а. Естаевтың жеке сипаттағы тапсырмаларын орындауға мәжбүрлейді деп мәлімдеді.

Сонымен қатар, Мадениятов әйелдер ұжымын 8 наурызбен құттықтап, оларға арналған стриптиз-шоу ұйымдастыруға РМК қызметкерлері 15 мың теңгеден беруге мәжбүр болғанын айтты.

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер