Қазақтың дәстүрін жаңғыртамыз деп қаңғыртып жібермейік!

4467
Adyrna.kz Telegram
Қазақтың дәстүрін жаңғыртамыз деп қаңғыртып жібермейік ағайын. Өзім туылғаннан 20 жасқа келгенше жаз жайлауда Киізүйдің ішінде өсіп-өнген Қазақтың баласы болған соң соңғы кезде Киізүйдің әтуерін кетіріп, басқаларға, әсіресе шетелдіктерге Қазақтың Киізүйін ұсқынсыз етіп көрсетіп жүргендерге қарным ашып, бүгінгі сіз көріп жүрген Киізүйдің кемшіліктерін жазып, оны түзетуге себепкер болуды парыз деп білдім.
Киізүй - Қазақ ұлтының тарихының, салт-дәстүрінің, мұрасының бір бөлшегі, ал оның әрбір бөлшегінің өзіндік маңызы мен Қазақ архитектурасының көрнекті ғылмилығы бар, сондықтан да киізүйді өскелең ұрпаққа қаз-қалпында насиқаттау, келер ұрпаққа бүлдірмей табыстау бізге сын.
Соңғы кезде, әсіресе Наурыз кезінде Қазақтың дәстүрін жаңғыртамыз деп киізүйдің іші-сыртына ойымызға не келсе соны іліп, сәнін асырам деп дәмін кетіріп жүргенімізді біріміз аңғарсақ, беріміз аңғармай жүрміз.
Киізүй несімен Киізүй?
Киізүйдің ең бастысы оның қаңқасы мен ішкі-сыртқы жабындысы және осыларды ұстап тұратын бау-шуы. Яғни Шаңырақ, Уық, Кереге - бұлар қаңқасы болса, Түңілік, Үзік, Туырлық оның сыртқы жабындысы, ал Тоқылған ши, Басқұр, Желбау, Үзікбау, Туырлықбау, Шалмабау, Белбаулар Киізүйдің ішкі жабындылары мен бір-бірін ұстап тұратын негізі байланстырғыш жіптен тоқылған заттар.
Киізүйдің қаңқасы ағаштан(қайың, ырғай т.б.) жасалуы шарт, жабындылары таза Қазақи ақ қойдың күзем жүнінінен басылған киіз болуы, Тоқылған ши түрлі-түсті жіп немесе жүннен тәбиғи шиді тоқып жасалуы, Бау-шулар болса түрлі-түсті жіптен тоқылуы керек. Міне осылай жасалған киізүйді ҚАЗАҚТЫҢ КИІЗҮЙІ деп айтуға болады, ал қалғанын Киізүй деп айтуға келмейді, оларды Киізүйге ұқсайтын үйлер десек болар.
Төменде Киізүйді әрлеймін деп бүлдіріп жүрген бірнеше жәйіттерді жазайын:
1). Кейбіреулер "ойбай Киізүйдің ішінде тамақ ішкендн киіздің қылы тамаққа түседі, Түңілік, Үзік, Туырлықтардың ішін ақ торғынмен қаптап тастайық" - деп ішін қаптап тастайды, әй айналайын жақсы қылшық еме қойдың жүннен жақсы басылған киізден ешқашан, тырнасаңда, тарасаңда қыл шықпайды, керісінше киіз ауаны өткізіп, ыстықты тосып үйдің температурасын салқын сақтайды.
2). Енді біреулер ішін әдемілеймін деп қалың оюланған Қытайдың синтетикалық материалдарымен керегені айналдырып жауып тастайды, сонда ол үйдің Керегесі жоқпа барма білмейсің, Керегесі көрінбеген үйдің не сәні бар? Кейде Туырлықтың етегін түріп, Керегінің арасынан үйдің ауасын алмастырады, салқындатады, мынадан қалай ауа ауысады, тұмшалап тастасаңдар?
3). Енді біреулер тоқылған Баудың орнына әдемілейміз деп соған ұқсаған Қытайдың оюлы мәтериалдарымен Киізүйдің ішінен алай бір, былай бір тартып айқастырып салақтатып қоятын болыпты, Бау деген Уықтың сыртында Үзік пен Туырлықтың ішінен көрініп тұратын, Үзік пен Туырлықты ұстап тұратын, бір-бірімен айқасып түсетін әдемі, таза жіптен тоқылған болады, ол ешқашан уықтың ішінде болмайды, және салақтамайды.
4). Енді біреуі сырттан жаңбыр өтпесін деп қатты презентпен Киізүйдің айналасын айналдырып қаптап тастайтын болыпты, Атамзаманнан бері кюКиізүйден өтпеген жаңбыр енді өтіп кететін болған ба? Керісінше презент үйді ысытып, ауа өткізбей тастайды.
5). Енді біреулер, әсіресе саяхат, туризммен айналысатын, демалыс орындарында Қытайдың Темірден жасаған қаңқасын тігіп оған таза киіз емес Қытайдың синтетикалық киізін жауып, келген қонақтарғарға, Шетелдіктерге "бұл Қазақтың Киізүйі"-деп таныстырып, көкіп жүр, оны көрген Шетелдік солай ұғады, солай Қазақтың киізүйі туралы естелік, шығарма жазады, бұл бір ұлтқа жасаған сатқындық дер едім.
Сондықтан құрметті Қазағым! Ата-бабамыздың бізге қаз-қалпында аманат еткен асыл мұрасын, бізде бүлдірмей, ұрпақтан ұрпаққа қалпын бұзбай сақтап, аманаттайық ағайын!
Қыдырәлі ОРАЗАЛЫ
Пікірлер