Ертең Шымкентте Наурыз қайда өтеді? - әкімдік жауап берді

2070
Adyrna.kz Telegram
Ертең Шымкентте Наурыз қайда өтеді? - Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан өз фейсбук парақшасында Наурыз мерекесіне орай қалада қандай шаралар өтетіні туралы ақпарат берді, деп жазады "Адырна" ұлттық порталы. 
1. «Шымқала». Ғасырлық тарихы бар кілемдер көрмесі, шайхана, сүт өнімдері мен тәттілердің сан түрі қойылады. Мерекелік кеште қазақ дәстүрлі музыкасының хас майталмандары, эстрада жұлдыздары – Айгүл Иманбаева, «Хазар» ұлттық-фольклорлық тобы т.б әртістер өнер көрсетеді.
2. Орталық саябақ. Шымкенттегі ең көне саябақ қонақтарды көңілді бағдарламамен қуанту дәстүрінен айныған емес. Эстрада жұлдыздары, әзіл-оспақ театры, наурыз көже және интерактивті бағдарлама Орталық саябаққа келушілердің назарына ұсынылады.
3. Арбат. Қаланың сүйікті серуендеу аймағында мерекелік жәрмеңке ұйымдастырылады. Онда сан түрлі сувенирлер ұсынылып, дәстүрлі қазақ асханасы мен фотоға түсу алаңы жұмыс істейді.
4. Әл-Фараби алаңы. Басты мерекелік кеш өтетін алаң. Маржан Арапбаева, Тұрар Рахимберлин, Ақерке Тәжібаева сынды отандық эстрада жұлдыздарының жаңа хит әндерінің тұсауы кесіліп, халық музыкасы мен этно-фольклорлық туындылардың төлтума интерпретациясы салтанат құрып, дәм таттыру мен жан жадыратар тосын сыйлар күтеді.
5. Дендро саябақ. Шымкент – талантты жастар шаһары. Бұған Дендро саябаққа ат басын бұратын қонақтардың көзі жетеді. Шынайы байқаулар, музыкалық құттықтаулар және интерактивті эко-бағдарламасы бар.
6. Шымкент циркі алаңы. Бұқаралық алаңда қонақтарды цирк әртістерінің қатысуымен мазмұнды музыкалық бағдарлама, сәйгүлікпен серуендеу және интерактивті көңіл көтеру бағдарламасы күтеді.
7. Металлургтер саябағы. Бұл Наурыз-2022 мерекелік алаңдарының ішіндегі отбасылық алаң саналады. Ішкі үйлесім, дос-жаран, отбасы мен жақындардың арасында жарқын уақыт өткізуге, сондай- ақ жайлылық пен жанға жайлы әңгіме айтуды сүйетіндер үшін таптырмас орын.
8. Жеңіс саябағы. Шаһардың ең кішкентай тұрғындары мен қала қонақтарына арналған алаң. Наурыз мейрамы барлық локацияда сағ. 10-00-да басталады. 
Қажымұқан атындағы Орталық стадион. Көктем – тек табиғаттың жаңару кезеңі ғана емес, сонымен қатар белсенді өмір салтына қайта оралу кезі. Стадион маңында спорт жарыстары, дәстүрлі спорт түрлері бойынша турнирлер, ерекше жарыстар ұйымдастырылады.
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер