Жеңіс күні қарсаңында ҰОС ардагерлеріне қанша сыйақы беріледі

2763
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандықтар үшін маңызды мейрамдардың бірі - Жеңіс күні жақындап  қалды. Today.kz редакциясы ҰОС ардагерлеріне мейрамға орай берілетін төлемдер мен сыйлықтар көлемін анықтаған болатын.

Ақмола облысында  Жеңістің 73 жылдығына орай 6703 ардагерге ақшалай сыйлық дайындап отыр. Көкшетау қаласының соғыс арадагерлеріне 250 мың теңгеге дейін сыйақы беріледі. Ал облыстың қалған елдімекендерінің соғыс ардагерлеріне 182 780 теңге көлемінде сыйақы беріледі

Ал тыл ардагерлеріне Көкшетау қаласында 20 мыңнан, басқа елдімекен ардагерлеріне 12 025 теңге сыйақы беріледі.

Облыстың  басқа да категория ардагерлеріне 7 215 теңге сыйақы беріледі.

Бұдан бөлек, барлық ҰОС ардагерлерінің ай сайынғы  коммуналдық шығындары  100 пайыз төленеді.

Ақтөбе облысында 63 ҰОС ардагері мен 7 574 тыл ардагері бар. Әлеуметтік көмек есебінде соғыс ардагерлеріне 100 мыңнан 200 мың теңгеге дейін жәрдемақы төленетін болады. Тыл ардагерлеріне 50 мыңнан 60 мыңға дейін, соғыс әсерінен жесір қалған әйелдерге 25 мыңнан 35 мыңға дейін беріледі. Сонымен қатар облыс әкімі 6 332 соғыс ардагерін льготтық дәрімен қамтамасыз етіледі.

Ал Атырау облысында бүгінде 30 ардагер бар. ҰОС ардагерлеріне 100 мың көлемінде сыйақы төленіп,  шипажайларға жолдама беріледі.

Шығыс Қазақстан облысында  246 ҰОС ардагері бар. Жергілікті бюджеттен барлық ардагерге 500 мың теңге көлемінде сыйақы бөлінеді.

Батыс Қазақстанда бүгінде 115 ҰОС ардагері бар.  Осы облыстың ең қария ардагері Семен Акимович Данилин биыл 104 жасқа толып отыр. Әкімшілікте осы ардагерге берілуі тиіс сыйақы көлемі анықталмаған. Алайда  сыйақыдан бөлек ардагерлер облыс әкімінің  ашық хаты мен азық-түлік себетін алады деп сендіріп отыр.

Қарағанды облысында Жеңіс күніне орай 66 ардагер 15 мыңнан сыйақы алады.Тыл ардагерлері мен соғыс жесірлеріне 10 мыңнан сыйақы беріледі. Барлық сыйақы алушы ардагерлер есепшотына аударылады.

Сонымен қатар соғыс ардагерлеріне "Жас Отан" жастар қанаты жастары көмек көрсетеді. Әр жыл сайын 9 мамыр қарсаңында олар ардагерлердің үйіне барып көмектеседі.

Қостанай облысында Жеңіс күні қарсаңында 66 ардагер 150 мың теңге көлемінде сыйақы алған.

Маңғыстау облысында 240 мың теңге көлемінде сыйақыны 24 фронт ардагері алады. Барлық қаражат жергілікті бюджеттен бөлінеді. Тыл ардагерері  96 200 теңге  сыйақы алады.

Павлодар облысында 74 ардагер  150 мың теңге көлемінде сыйақы алады.

Солтүстік Қазақстан облысында 114 ҰОС ардагерлері  мен мүгедектеріне 240 мың теңге көлемінде сыйақы беріледі. Қосымша көмек ретінде барлық ардагер  шипажайға жолдама, тіс протезіне әлеуметтік төлем алады және коммуналдық карыздары төленеді.

Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданында 6 фронт ардагеріне "Нива" көлігі беріледі. Ардагерлер саны жыл сайын кеміп бара жатқандыңтан әкімшілік осындай сый тартуға бел буған.

Алматыда қалалық маслихат шешімімен  ҰОС-ның 387 ардагері 250 мың теңгеден сыйақы алады. Сондай-ақ, барлық ардагер шипажай демалыс, тегін жолақымен қамтамасыз етіледі.

Астана қаласында 95 ҰОС ардагерінің  тек 19-ы ғана салтанатты шеруге қатыса алады. Жыл сайын жергілікті бюджеттен 150 мың теңге көлемінде сыйақы беріліп келді. Бұл жылы барлық ардагерге 500мың теңге көлемінде сыйақы беріледі.

___________________________________________________________________________

today.kz

Пікірлер