Қызылордалық үздік мектепте обсерватория пен киностудия ашылды

3913
Adyrna.kz Telegram

Қызылордалық оқушылар енді аспан денелерін жаңа обсерватория құрылғысы арқылы көре алады. Президент тапсырмасы аясында Балалар жылында Қызылорда қаласындағы үздік білім беру ұйымы атанған №264 мектепте жаңа обсерваториялық орталық пен балалар киностудиясы ашылды. Өткен жылы облыс әкімінің сыйақысы ретінде 34 миллион теңгенің сертификатыниеленген білім ошағын қолдау нәтижесінде балалар астрономия іліміне еніп, мектеп студиясы арқылы журналистикаға бет бұра алады.

Наурыз мерекесі қарсаңында балалардың игілігіне бағытталған заманауи кабинеттердің ашылу рәсіміне облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова қатысып, дарынды және өнертапқыш оқушылармен пікірлесті.

Обсерваторияда балалар телескоп, процессор, спектроскоп, арнайы призма мен Vive pro 2 шлемі секілді құрал-жабдықтармен жұмыс істей алады. Ал, киностудия арқылы сапалы бейнеконтент түсіруге арналған заманауи жабдықтар қойылып, балалардың шығармашылық жұмыстармен еркін айналысуына жағдай жасалды. Сондай-ақ, «Bio Master» кабинеті арқылы оқушылар қолдан макет жасап, жергілікті өлкетану іліміне тереңдей түседі.

Ал, жаңадан ашылған инклюзивті кабинетте ерекше қолдауды қажет ететін балалар ребилитациядан өтеді. Мұнда сенсорлық кабинет және емдік дене шынықтыру бөлмелері қарастырылған.

Облыс әкімі балалардың танымдық және шығармашылық бағытта жұмыс істеуіне жол ашатын кабинеттердегі құрылғылар арқылы озық идеяларды іске асырып, жаңа жобалар жасауға жол ашатынын атап өтті.

Айта кетейік, бұл оқу орны жапон елшілігінің «Шөп тамыры» бағдарламасы аясында 27 млн.теңгенің грантын иеленіп, қала маңындағы «Сабалақ», «Эдельвейс» саяжай аудандарынан қатынап оқитын оқушыларды тасымалдауға «ПАЗ» автобусы сатып алды. Ал, алдағы уақытта «Газель» автокөлігін алмақ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Пікірлер