Британ билігі Ресей олигархтарының Лондондағы үйіне босқындарды тұрғызбақ

3054
Adyrna.kz Telegram

Британ билігі украиндық босқындарды ресейлік байлардан тәркіленген зәулім үйлерге орналастырады.

Ұлыбритания вице-премьері Доминик Рааб Ресей армиясының арнайы операциясы салдарынан елін тастап кетуге мәжбүр болған украиндықтарды билік ресейлік олигархтардың тәркіленген үйлеріне орналастыруды жоспарлап отырғанын айтты.

Британ билігі бай ресейліктерді Корольдіктегі яхталары мен виллаларын тәркілеу  арқылы және украиндық босқындарға беру арқылы жазалауды ұйғарды.

Сондай-ақ Доминик Рааб жемқор шенеуніктердің мүлкі туралы жазған журналистерді «Жала жабу» бабы бойынша қорғауға уәде берді, деп хабарлайды The Times басылымы.

Айта кетейік, бұған дейін Ұлыбритания билігі олигарх Алишер Усманов пен VEB.RF басшысы Игорь Шуваловқа қарсы санкция салған болатын. Екеуінің де Корольдікте жылжымайтын мүлкі бар. Алишер Усманов Лондондағы Beechwood House және Суррейдегі Саттон Плейс жылжымайтын мүлігін иеленсе, Игорь Шувалов Лондондағы Whitehall Court элиталық үйіндегі пәтерлерге ие.

”Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер