Ресей министрінің АЭС жайлы пікірі қолқалауға ұқсады

1613
Adyrna.kz Telegram
Фото: adyrna.kz
Фото: adyrna.kz

Ресейдің сыртқы істер министрі Қазақстанда АЭС салу мәселесіне қатысты өз ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл туралы ҚазТАГ агенттігі мәлімдеді.

«Ресей көмектесуге ғана емес, нақты ұсыныстарын да беріп үлгерді», – деді Сергей Лавров Астанадағы Мемлекеттік басқару академиясының Дипломатия институтында сөйлеген сөзінде.

Оның сөзінше, Ресей билігі Қазақстанда АЭС салу мәселесіне арналған референдумның барысы мен нәтижелерін бақылаған. Лавров «Росатом» корпорациясы өзінің барлық біліктілігін ұсынуға және ынтымақтасуға толықтай дайын екенін де атап өтті.

Еске сала кетсек, Қазақстанда АЭС салу туралы референдумда оң шешім қабылданды. Энергетика министрі АЭС-ке қатысты арнайы үкіметтік комиссия құрылатынын айтқан. Бұл комиссия конкурстық процеске қатысатындармен ашық конкурстық диалогты бастамақ.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Пікірлер