Ресей президенті Владимир Путин Украина шығысындағы Луганск және Донецк аймақтарын жеке мемлекет деп мойындады. Бұл туралы ол Франция президенті мен Германия канцлеріне ресми мәлімдеді. Тиісті жарлыққа қол қоймақ. Ол бұл ойын Ресей халқына айтқан үндеуінде де қуаттады.
Бүгін Ресей басшысы Қауіпсіздік Кеңесін өткізіп, шенеуніктердің ойы мен пікірін тыңдаған болатын. Олардың барлығы дерлік Украина шығысындағы сепаратистерді мойындап, Ресей өз көмегін беру керектігін айтты. Екі сағатқа жуық тікелей эфирден көрсетілген жиын соңында Путин бұл мәселе бойынша шешімді бүгін қабылдайтынын айтқан еді.
Сарапшылар Ресейдің бұл қадамы Минск келісімдерін түбегейлі жоққа шығарып, соғысқа апаратын қабам деп бағалап отыр.
"Адырна" ұлттық порталы