Таяу Шығыстан 7 мыңнан астам қазақстандық елге оралған

Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/5JPLUABi2xCGsuRkEShPsFffahA58EsX3YAXOmvQ.jpg

Таяу Шығыстан 7 мыңнан астам қазақстандық елге оралды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

СІМ құзырлы мемлекеттік органдармен бірлесіп, Таяу Шығыстан азаматтарымызды қайтару жұмыстарын жалғастырып жатқандарын мәлімдеді.

«Эвакуация басталғалы бері резидент және резидент емес әуе компанияларының қолдауымен 7300-ден астам қазақстандық елге қайтарылды. Әуе рейстерінен бөлек, азаматтарды эвакуациялау Әзербайжан, Армения және Түрікменстанның құрлықтағы мемлекеттік шекаралары арқылы да жүзеге асырылуда»,- делінген хабарламада.

 

Пікірлер