12 ақпан күні Егіндікөл ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен және мәдениет үйінің қатысуымен филология ғылымдарының кандидаты,доцент,айтыскер ақын Серікзат Дүйсенғазымен "Серікзатпен сырласу" рухани кездесу кеші жоғары деңгейде өтті.Ауданның жалынды жастарына жігерлендіру сыйлаған кездесу кеші екі сағатқа ұласты.
Егіндікөл ауданына ерекше ықыластарын төгуге Еуразия ұлттық универитетінің ұстазы өзімен бірге
«Топжарған» ақындар клубын ала келді.
С.Дүйсенғазы поэзия әлемімен, айтыс жолындағы жақсы естеліктерін қызықты етіп баяндап берді.
Әлі оқырмандарына жол тартпаған кеше ғана шыққан жаңа кітабын аудан жұртшылығына сыйға тартты.
Жігерлендіруге толы болған рухани кештің көрермендеріне әсері өте жақсы болды. Шәкірттері айтыс өнерін жасап,ән айтып поэзия әлеміне сыр шертті.
Яғни атап айтар болсақ, Респбуликалық айтыстардың бас жүлдегері Абзал Мақаш пен айтыскер қыз Сағыныш Смет тамаша айтыс өнерін көрсетті. Ерекше дауыс иесі Арманбек Жакейханұлы қазақтың дәстүрін жалғап жүректі тербеп әсем әнімен көрермендер көзайымына айналды.
Көркемсөз шебері,жас ақын қыз Аяжан Қожатай өз шығармашылығынан өлең тарту етті.Қазақ өнеріне тіліне жаны ашитын азамат ұлттық қасиетіміздің жоғалмау керектігін ашып айтты.
Жастармен тікелей сұқбат жасап, көкейдегі сұрақтарға толыққанды жауап берді. Ауданның атынан жол бастаған "Тіл мәдениеті" жас ақындар клубына ақ батасын беріп, сәттілік тіледі.
Ауданның атынан өнер көрсеткен Амангелді Райхан, Алтынгүл Мұрат, Аманжол Сұрағанов, Кәусар Қайратова, Индира Серікбол, Жанболат Жәнібек, Бержан Қуанған ақынның көңіліне жылу сыйлады.
Кеш соңында қорытындылап ішкі саясат мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Алмас Асқарұлы алғысын білдіріп, айтыскер ақынға шапан жапты. Ел алғысына бөленген рухани кештің жалғасы табарына сенім білдіреміз.
”Адырна” ұлттық порталы