«23 жыл бірге өмір сүрген қосағымнан 3 минутта айырылып қалуым ауыр соққы болды»

922
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/storage/uploads/nmjf507pZMSMbfbNDan8vR6YOrkEkuDg64zKZGEA.jpg

Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің жары Бағдат Әшімова жүрекжарды жазба жариялады, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Өмір мен өлім арасы қас қағым сәт екен. 23 жыл, 1 ай, 3 күн бірге өмір сүрген Құдай қосқан қосағымнан үш минутта айырылып қалуым ауыр соққы болды. Адамның айтқаны орындалмайды, Алланың қалауына ешкім қарсы тұра алмайды»,-деді ол.

Әшімова қайғысына ортақтасып, көңіл айтқан жандарға алғысын білдірді.

«Жан жарымды қанша қимасам да, ел болып, жұрт болып, ақтық сапарға шығарып салдыңыздар. Қайғы бөліссе азайады деп көңіл білдіріп, жұбату айтқан баршаңызға бас иемін. Тірлігінде алақандарыңызға салып еркелеткен едіңіздер, ақтық сапарға да жер қайысар ел жиналып, егіліп шығарып салдыңыздар.. Жаназа шығарғанда сапта тұрған адам саны көп болған сайын сол жандардың алақан жайып Алладан сұраған бата тілектерін Алла қабыл етеді,пейіштен орын береді дейді. Әумин. Әр шаңырақта бақ береке болсын. Балаларыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын»,-деп жазды ол.

Еске салайық, 21 желтоқсан күні Асанәлі Әшімов 88 жасында өмірден өткен еді.

Пікірлер