Жемқорлықпен айыпталған шенеунік басшылыққа қайта жайғасты

5469
Adyrna.kz Telegram

Глубоковский ауданының экс-әкімі Тамара Рахымжанова әлеуметтік акционерлік қоғам басшысы болып тағайындалды. Бұл туралы акционерлік қоғамның ресми сайтынан белгілі болды, деп хабарлайды "Адырна" сайты inbusiness.kz-сілтеп. 

Еске салайық, 2021 жылдың тамыз айында аудан әкімінің орынбасары Сергей Қимасовтың ұсталғаны белгілі болды. Қыркүйек айында аудандық маңызы бар жолдарды тазалау және күтіп ұстау және төтенше жағдайларды жою бойынша атқарылған жұмыстарды бюджеттен уақтылы қаржыландыруға қатысты, «Прииртышье-1» ЖШС басшысы Виктор Леонтьевтен пара алу фактісі бойынша айыпталды.

Айта кету керек, бұл іске Тамара Рахымжанованың қатысы бар болып шықты. Леонтьевтің айтуынша, Қимасов оған оның өтініші бойынша кәсіпкер мемлекеттік сатып алулар туралы келісім-шарт сомасынан 10 пайыз қайтарып алу керектігін айтқан. Бірақ бұл сотта дәлелденбеді. Нәтижесінде әкімнің экс-орынбасары Сергей Қимасов өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан айырумен 3 жылға бас бостандығынан айырылды.

2021 жылдың 24 желтоқсанында Тамара Рахымжанованың жұмыстан кеткені белгілі болды. Еске салайық, Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша басшылардың қол астындағы қызметкерлерге деген жауапкершілігі заңнамалық деңгейде бекітілген.

Саяси шенеуніктердің тікелей бағыныштылары сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаған жағдайда қызметінен кетуі керек.

Тамара Рахымжанова еңбек жолын 2001 жылы Өскемен қаласында «ВНИИТцветмет» мекемесінде тазалықшы болып бастаған. 2014-2016 жылдары «Өскемен-тазалық» ЖШС директоры, 2016-2019 жылдары «Өскемен-тартип» мекемесінің директоры қызметтерін атқарған. 2019 жылдың ақпан айынан бастап – 2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың желтоқсанына дейін Өскемен қаласы әкімінің орынбасары, 2020 жылдың қыркүйегінен 2021 жылдың желтоқсанына дейін – Глубоковский ауданының әкімі.

spkertis.kz сайтының басшылық бөлімінде Тамара Рахимжанованың «Ертіс» ӘКК» АҚ-ның басшысы ретінде тағайындалғанын ресми түрде көре аласыз.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер