Берік Имашевтың ұлы, Дариға Назарбаеваның құдасы - Әлжан Имашев ҚТЖ-дағы қызметінен кетті

15037
Adyrna.kz Telegram

ҚТЖ – жүк тасымалы бас директорының экономика және қаржы жөніндегі орынбасары Әлжан Имашев қызметінен кетті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ҚТЖ ақпарат көзіне сілтеп.

ҚТЖ баспасөз қызметі Нұрсұлтан Назарбаевтың туысының жұмыстан босатылуына қатысты әзірге түсініктеме берген жоқ.

Әлжан Имашевтың әпкесі Аида экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересі Нұрәлі Әлиевтің әйелі. Ал олардың әкесі Берік Имашев Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясын басқарады.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер