«Қасіретті қаңтар» оқиғалары кезінде және төтенше жағдай енгізілгеннен кейін түрлі құқықбұзушылық жасағаны үшін 2 мыңға жуық адам ұсталды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Twitter-де жазды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.
Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокуратураға басқа адамдардың кінәсі қандай дәрежеде екенін анықтауды тапсырды.
«Жауаптылықты ауырлататын мән-жай болмаса, жазаны жеңілдету үшін шара қабылдаған жөн»,– деді ол.
«Адырна» ұлттық порталы