«Путин ұры!»: Ресейде 5000-нан астам адам ұсталды

4509
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/02/739b8471-803c-4572-941e-45154a5e8596.jpeg

Ресейдегі жаппай наразылық акциялары биліктің барлық ескертулеріне қарамастан өтіп жатыр, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Жексенбі күні болған шеруде елдің 86 қаласында 5000-нан астам адам ұсталған.

Екатеринбургте 7000-ға жуық демонстрант шеруге шығып,  "Навальныйға бостандық", "Путин ұры" деп ұрандатса, Новосибирскіде наразылар бірден қамауға алынды.

Айта кетейік, Навальныйдың жақтастары саяси тұтқындарды бостандыққа шығаруды талап етуде.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер