"Омикрон" штамы: Түркия 5 елмен әуе қатынасын тоқтатты

4071
Adyrna.kz Telegram

26 қарашадан бастап коронавирустың жаңа штамының таралуына байланысты Түркия билігі бес елмен әуе қатынасын тоқтатты.  Ботсвана, Оңтүстік Африка Республикасы, Мозамбик, Намибия және Зимбабведен келетін азаматтарға республикаға кіруге тыйым салынды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Бұл туралы Түркияның денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Twitter желісіндегі парақшасында жазды.

- Бүгін кештен бастап Ботсвана, Оңтүстік Африка, Мозамбик, Намибия және Зимбабведен құрлық, әуе, теңіз және теміржол арқылы саяхаттауға тыйым салынады, - деді түрік министрі.

Айта кетейік, бұған дейін Еуропалық одақ, Ұлыбритания, Сингапур және Жапония ОАР және оған көршілес елдермен әуе қатынасына шектеулер енгізген болатын. Жаңа B.1.1.529 штамымен инфекция туралы алғашқы хабарламалар 24 қарашада Оңтүстік Африка, Ботсвана және Гонконгта пайда болды. Кейінірек Израиль мен Бельгияда COVID-19-дың тағы бір нұсқасының табылуы туралы мәліметтер шықты.

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер