Шыңғыс ханның ұрпағы: 5:32 сериалындағы адам етінен тағам жасаған маньяк әлі де тірі

8812
Adyrna.kz Telegram

Salem social The Rocket Stories командасымен және режиссер Әлішер Утевпен бірге «5:32» жаңа веб-сериалын шығарды. Желіде сериалдың әзірше 3 бөлімі ғана жарық көрді. Алайда көптеген адамның көңілінен шығып, миллион қаралымды бірден жинады. Сериал 90-жылдардағы қатігездікті баяндайды. Адамдарды қинап, қорлап өлтірумен айналысқан маньяктардың адам сенгісіз әрекеттері желісінде түсірілген. Сорақысы, өмірде болған оқиға. Сериал авторлары өз көрермендеріне көшеде жүргенде мейлінше сақ болуларын ескертті.

Адам етінен тағам: Маньяк әлі де тірі

 5:32. 2 сериалға арқау болған іс – адамды бауыздап, етінен беляши жасап, сатқан белдемше киген маньяк. Сериал желісі бойынша, маньяк сұрауы жоқ, ішімдікке салынған ер адамдарды өз құзырына түсірді. Күнделікті сататын беляшиі адам етінен еді.

Үйіне қайтып бара жатқан кезінде бір ер адам арақ сұрап тиіседі. Маньяк сол жерде оның жүрек тұсынан бірнеше рет пышақ сұғып, өлтіріп тастайды. Полиция бөлімшесіне барғанда «өз-өзімді қорғадым, пышақ менікі емес» деп ақталады. Кейін Шалқар есімді детектив бұл істе бір шикілік барын біліп, әйелдің үйіне бет алады. Сол сәтте, маньяк кішкентай баланы өлтірмек болған. Дер кезінде келгенімен, бала тұншығып жантәсілім етеді...

TikTok әлеуметтік желісін қолданушылар сериалға арқау болған маньяк әлі де тірі екенін жарыса жазуда. Ендеше, «Адырна» ұлттық порталының тілшісі КСРО-ның басты каннибалына айналған, адам кейпіндегі хайуан атанған маньяк туралы баяндайды.

Николай Джумагалиев 1952 жылы 15 қараша күні Ұзынағашта дүниеге келген. Анасы беларусь, әкесі қазақ. Аңыз бойынша бұл отбасы Шыңғыс ханның ұрпағы. Бала күнінде Джумагалиев мұны мақтан тұтып, үнемі айтып жүрген.

Бала кезінде ешқандай ерекшелігін көрсетпеген Николай қарапайым балалармен қатар өскен. Ашулы мінезі де байқалмаған. Бір кемшілігі қыздарға «олар екінші сорттың адамдары» деп менсінбеушілікпен қараған.

1970 жылы Алматыдағы теміржол училищесін бітіргеннен кейін Джумагалиев жолдамамен Гурьев қаласына жұмысқа орналасып, кейін әскерге аттанады. Әскерден оралған соң ол мамандығын өзгертуді ойлап, Қазан университетінің геологиялық барлау факультетіне түсуге шешім қабылдайды. Бірақ жоспары орындалмай, жаңа мамандықты игере алмайды. Емтиханнан өтпей қалады.

1977 жылы Ұзынағаштағы өрт сөндіру бөлімшесіне жұмысқа тұрып, 2 жыл тыныш өмір сүреді. Өзінің еш нәрседен ләззат алмайтынын түсініп, адам өлтіруге бел байлайды.

Қатігездікке барған алғашқы қадамы 1979 жылы өз ауылында болады. Түн ішінде жалғыз кетіп бара жатқан қызды айуандықпен өлтіріп, қанын ішеді.

Толық жан тәсілім еткен соң, оның әр дене мүшесін бауыздап, етін бір ай бойы тамақ етіп жеген. Котлет, түшпара жасаған.

Маньякты бұл әрекетке оның оккультизмге құмарлығы итермеледі: оқыған кітаптарының бірінде адам тамағын кесу арқылы жанның денеден қалай шығатынын көруге болатыны туралы айтылған. Сонымен қатар, Джумагалиев кітаптан адамның қанын ішумен көріпкелдік қабілетке ие болатынын білді. Қанын ішті, тамағын кесті. Бірақ ешқандай ерекше қасиетті иеленбеді. Ақырында, қандықол қанішерге айналды.

Кезекпен-кезек ойын секілді жалғасқан бұл әрекеті ашылып, тергеу барысында айыпталушы психиатриялық сараптамадан өтті. Сараптама нәтижесі Николай Джумагалиевтің шизофрениямен ауыратынын анықтады. Осылайша маньяк түрмеден қашып, 4,5 жыл психиатриялық ауруханада жатып шығады деседі. Шындығында ол ауруханада тек 1 жыл ғана уақыт болған. Кейін дәрігерлер науқасты іс жүзінде сау деп есептеп, оны босатқан.

Бостандыққа шығып, ескі әуеніне қайта басады. Бірден 3 әйелді өлтіреді. Оның бірі жаңа босанған әйел. Оны 18 жерден пышақтайды.

Қанды қолдан қаза тапқандар саны 9-ға жетті. Бұл жолы бәрі басқаша. 1980 жылы Джумагалиевтің үйіне дос-жарандары жиналып, үйдің іші у-шуға айналады. Бір мезетте қонақтар жас қыз бен Николайдың ортада жоқ екенін байқап, жатын бөлмеге ескертусіз кіріп барады. Көз алдарындағы сұмдық картинаны көріп, бірден полиция шақырады.

Ол қыздың басын кесіп, қанын табаққа құйған. Полиция келген мезетте ол қашып үлгереді. Кейін үйін жіті тексеру кезінде, өлген адамдардың еті, денесі жасырынған бөшкені тауып алады.

Джумагалиев көп ұзамай танысының үйінен табылды. Жертөледе 2 күн бойы жасырынған Николай 7 адамды өлтіргенін бірден мойындады. Дәл сол уақытта өзінің жақын әпкесі із-түссіз жоғалып кеткен болатын. Алайда бұл іске түк қатысы жоқ екенін айтып әлекке түсті.

Жауап алу кезінде ол адамдарды не үшін өлтіргенін ашық айтып берді.

«Мен тек жануар кейпінде болдым. Адамдар жануарға не істейді, мен де соны істедім. Маған әйел адамдардың ағзасы қызық болды. Бір жағынан әйелдер табиғатқа қарсы шығып ер адамдармен теңескені үшін ызаландым»,-деді Николай.

8 жыл психиатриялық ауруханада жатып, кейін дәрігерлер қарапайым психиатриялық ауруханаға ауыстыруға шешім қабылдайды. Ауысым кезінде, әдеттегіше тағы да қашып кетеді.

Қашқын таулы аймақтарда тығылып, үңгірлерді паналады. Даладан емдік шөптерді жинап, оны іргедегі ауыл тұрғындарына сіріңке мен тамаққа айырбастап күн көреді. Тіпті 2014 жылы оған тағы бір студент қызды өлтірді деген айып тағылады. Оқиға 1990 жылы орын алған. Бұл оның 10-шы құрбаны...

Қазір Николай Джумагалиев Алматы облысы Ақтас ауылындағы мамандандырылған психиатриялық ауруханада жатыр. Бір кездері оны тіпті өлім жазасына кесу туралы өтініш те түскен. Алайда заң тұрғысынан бұл өтініш құпталмады.

Аурухана дәрігерлерінің кейбірі оның қалыпты өмірге бейімделіп қалғанын, жақын арада бостандыққа шығуы да мүмкін деген пікір білдірген. Бірақ Қылмыстық іздестіру Бас басқармасының (ГУРҚ) сериялық қылмыстар жөніндегі маманы Евгений Самовичев:

«Ол адам қалпындағы аң. Ол ешқашан адамның өмірін сүрмейді»,- деді.

Қорыта келе, 90-жылдар қарапайым халық есінде «өте қиын, жоқшылық кезең» ретінде қалғаны рас. Өкініштісі, адамдар тек жоқшылықта емес, нағыз қанды-қол қылмыскерлер заманында өмір сүрген.

Мұндай жағдай қайбір уақытқа,кезеңге қарамайды. Тіпті қазір де маньяктар бар. Бірі жария болса, бірі жасырын...

5:32 сериалы әр аптаның бейсенбі күнінде Aitube желісіне шығады. Келесі қылмыс қандай болар екен?

Інжу ӨМІРЗАҚ,

"Адырна ұлттық порталы 

 

 

 

 

Пікірлер