Өткен күнде белгі жоқ, ақиқат бар...

4026
Adyrna.kz Telegram

Тәу етер тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара академиясының 90 жылдығына орай шекарашылар сапында аты аңызға айналған Кеңес Одағының батыры генерал-лейтенант Меркулов Матвей Кузьмич туралы жазуды жөн көрдік. Мақаланы жазу барысында аңыз адам жайлы бірнеше газет-журналдар мен кітаптарды парақтап шықтым. Өз заманында батырға айналған қарт   шекарашы туралы мемлекеттік тілде материалдар таппадым. Сондықтан біраз мәліметті орыс тілінен аударып беруге тура келді.

Өткен күнде белгі жоқ,  ақиқат бар... Өткенге оралмай болашақты болжай алмайсың. Кезінде сол кездегі Ф.Э.Дзержинский атындағы Алматы жоғары шекаралық училищесінің 1-ші оқу дивизионын бітірген  М.Меркулов 1918 жылы 15 тамызда Шығыс Қазақстан облысының Жаңа Шульба аулында туған. Оның еңбек және қызметтік жауынгерлік жолы қатардағы қарапайым оқытушыдан бастап мектеп директоры, Ф.Э.Дзержинский атындағы НКВД шекара және ішкі әскерлері Харыков әскери училищесінің курсанты, бүгінгі өзінің есімімен аталатын сол кездегі «Есекартқан» шекара заставасының бастығы болса, соғыс кезінде батальон командиріне дейін жүріп өтті.  Соғыстан кейінгі жылдары Матвей Кузмьич сержанттар құрамы мектебінің бастығы қызметін, содан кейін әскери инистиутта оқыды. Кейіннен жедел барлау тобы бөлімшесінің бастығы болып тағайындалды. Сонымен қатар, Кеңес Одағының Шекара әскерлері тобында жүріп әртүрлі жауапты лауазымдарды абыройлы атқара білді. Тіпті, Шығыс шекара округі әскерлерінің бастығы, 1976 жылдың қаңтарында КСРО СМ жанындағы Ф.Э.Дзержинский атындағы мемлекеттік қауіпсіздік жоғары шекаралық училищесінде 10 жыл бойы өзінің бай жауынгерлік және өмірлік тәжірибесін бөлісіп, еліміздің шекарасы үшін жас офицерлерді патриоттық тәрбиелеуге және оқытуға арнады.

Жеке құрамды басқару үрдісінде Матвей Кузьмич жасаған іс-әрекет қол астындағы бағыныштылардың мүмкіндіктерін, мінез-құлықтарының ерекшеліктерін, күшті және әлсіз жақтарын терең білумен қатар олардың білімі мен тәжірибесіне үнемі қолдау көрсетіп отырды. Жоғары талапты еңбекті обьективті бағалаумен және адамдарға құрметпен жолдастық қарым-қатынасты үйлестірумен сипатталды.

Даңқты батыр шекарашы саналы ғұмырын Отанымыздың шекарасына адал қызмет етуге және оны қорғауға, шекара инфрақұрылымын салуға, дамытуға еліміздің шығыс өңіріндегі мемлекеттік шекараны күзетуді аттыруға және жетілдіруге арнады.

М.Меркулов училищеде болған алғашқы күннен бастап-ақ  шекараға жаңа формациядағы офицерлік кадрлардың қажет екенін түсінді. Кәсіби құзыреттілікті және идеялық сенімділікті, шығармашылық ойлауды және жоғары мәдениетті, қоғамдық және қызметтік белсенділікті жоғары адамгершілік пен патриотизмді үйлестіретін басқарушылық қызметтің берік дағдылары бар офицерлердің керек екенін анықтады. Яғни, дәл осы ұстанымымен ол өз қызметін құрды.

Жауынгерлік және өмірлік бай тәжірибесі бар батыр шекарашы  училищеде жүрген алғашқы күндерінен бастап оқу бағдарламасының ең күрделі тақырыптарын әзірлеуде ерекше қабілеттілігін көрсете отырып, оқу-әдістемелік тәрибелік және ғылыми жұмыстарға белсенді араласты.

Шекарашылар іс-қимылдарының жауынгерлік тәжірибесін енгізу мақсатында Матвей Кузьмич Меркулов оқу жоспарына жаңа тәртіпте құжат үлгілерін әзірлеуді енгізді. Сондай-ақ тау-кен дайындығы бойынша 3 және 4 курс курсанттары бар роталық тактикалық жиынтықты өрістете отырып, жауынгерлік атыспен іле Алатауы тауларында тактикалық оқу-жаттығу сабақтарын өткізуді жоспарлап жүйелі түрде өткізді.

Өз кезегінде Матвей Кузьмич өмірінің соңына дейін өзінің барлық қызметінде табандылық, мақсаттылық, үлкен еңбекқорлық, кең әскери ғылыми көзқарас, терең әскери білім, үлкен практикалық тәжірибе, ерекше ұйымдастырушылық қабілеттер мен жоғары адами жауапкершілік сияқты қасиеттерді айықын көрсете білді.

Отан алдындағы еңбегі және соғыс кезіндегі жауынгерлік тапсырмаларды орындау кезіндегі елеулі үлесі және бейбіт уақытта мемлекеттік шекараны қорғауды дамыту және жетілдіру үшін адал қызметі үшін Матвей Кузьмич: Ленин және Октябрь Ревалюциясы орденімен, 3-ші Қызыл Ту орденімен, 3-ші дәрежелі Суворов, 3-ші дәрежелі Кутузов, 3-ші дәрежелі Богдан Хмельицкий, Александр Невский, 1-ші дәрежелі Отан соғысы, 2-ші Қызыл Жұлдыз ордендерімен, КСРО Қарулы Күштерінде «Отанға қызмет еткені үшін» 3-ші дәрежелі орденмен және басқа да көптеген медальдармен марапатталған екен.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 5 қыркүйектегі Қаулысымен Шонжы шекара отрядының «Есекартқан» шекара заставасына Кеңес Одағының Батыры генерал-лейтенант Меркуловтың есімі берілді. Сонымен қатар, Алматы қаласында Зенков көшесінде Матвей Кузьмич Меркулов тұрған үйге мемориялдық тақта орнатылды. Ал 2006 жылы Шекара академиясының аумағында генералдың бюсті салтанатты түрде ашылды.

Айта кету керек, кезінде генерал-лейтенант М.Меркуловтың өзі қазіргі ҚР ҰҚК Шекара академиясының 1 оқу дивизионының 111 оқу заставасының құрметті курсанты атанған болатын.

Жылда Ұлы Жеңістің атаулы күніне орай академия басшылығы оның әскери қызметке деген адалдығына,  ерлігіне құрмет көрсете отырып, бірқатар шекарашы ардагерлер және бүгінгі 1 оқу дивизионының курсанттары академия бастығы полковник Поливанов Павел Константинович бастаған бір тп шекарашылар және сүйікті қызы Валетнина Матвеевна және шөбересі Артем батыр жатқан кесенеге барып, гүл шоқтарын қоюды дәстүрге айналдырған.

2000 жылы 2 сәуірде 82 жасында өмірден озған өмірі өнегеге толы  шекарашыны әріптестері Алматы қаласындағы Рысқұлов және Бродского көшесінің қиылысындағы кесенелер орталығына жерлеген.

Иә, өткен күнде белгі жоқ, ақиқат бар демекші, шекарашылар батырдың жүріп өткен даңқты жолын, қайталанбас ерлігін, академияның дамуына қосқан өзіндік үлесін, яғни бір сөзбен айтқанда ақиқатын ешқашан ұмытпақ емес.

Жанат Жабырбеков,

ҚР ҰҚК Шекара академиясының

баспасөз хатшысы  

 

 

Пікірлер