NASA ғарыш орталығы 325 миллион шақырым қашықтықтағы астеройдқа спутинк жіберді

6358
Adyrna.kz Telegram
Негізі адамзаттың проблемасы біздің проблемамыз емес секілді. Әлемнің дамуына қосып жатқан үлесіміз жоқ. Бірақ "Байқоңырымыз" бар. Ал, өркениетті елдер адам өмірін жеңілдететін барша ғылыми жаңалықтардың басында жүр. Осылай кете берсе үшінші әлем елдері "Вечно догоняющий" экономикасы бар елдің деңгейінен аспайтын секілді.
"Bennu" атты астеройдтың жерге жақындап келе жатқанына көз жеткізді. Күн ғаламшарында мыңдаған астеройдтар бар. Бірақ дәл осы астеройдтың орны ерекше. NASA бұл астеройдтың 2160-2190 жылдар аралығында жер планетасына соқтығатынын математикалық есеппен дәлелдеп шығарды. Егер мұндай көлемдегі ірі астеройд жерге құласа, атом бомбасының жарылғанындай қасірет әкелуі мүмкін. Қайда, қай қалаға құлайтыны да белгісіз.
Ұзақ кеңестен кейін ғалымдар астеройдқа 2016 жылы "Осириус" атты арнайы спутник жіберді. 2018 жылы спутник астеройдқа жақындады. Онда бірнеше мақсат бар:
1. Астеройдта пайдалы қазбалар бар ма деген сұраққа жауап табу.
2. Жерге жақындап келе жатқан астеройдтың ұшу траекториясын өзгерту.
3. Астеройдта тіршілік белгісі бұрын болған ба, қазір бар ма деген сұрақтарға жауап табу.
4. Физика, химия, биологияның адамзат баласына белгісіз жаңа заңдарын ашу.
5. Астеройдқа арнайы аппаратпен 4-5 секундқа бір рет соқтығып, грунттарын алу.
Қызық спутник астеройдқа жақындағанда басталды. Спутник қонайын десе, 10-20 метрлік тас секілді қыртыстар бар. Тегіс емес. Ол тастарға соқығысса спутник істен шығуы мүмкін.
Содан әлгі "Осириус" спутнигі 1 жыл бойы спутникті айналып ұшып, әрбір 5см қыртысына дейін зерттеп, астеройдтың физикалық картасын жасады. Есептеп, қонатын жерін белгіледі. 2020 жылы спутник "Bennuға" қонып, грунттарын алды. Суретке түсірді. Қазір сол гурнтты арқалап, 325 миллион км қашықтықтан жерге қайта ұшып келеді. 2023 жылы спутник астеройд грунттарымен жерге қонады. Одан кейінгі миссия - астеройдты жерге жақындатпай ұшу траекториясын өзгерту болмақ. Пайдалы қазба болса оны игерудің жолдарын ашуға күш салады.
Айтпақшы, астеройдқа "Bennu" атын берген АҚШ-тың 3 класс оқушысы. NASA кез келген бастамасына оқушылар арасында шығармашылық эссе жазуды ұйымдастырып, аспан денелері мен спутниктерге ат қою рәсімін мектеп оқушыларының фантазиясына қалдырады. Үлгі аларлық жақсы дәстүр.
Бауыржан СЕРІКБАЕВ,
"Адырна" ұлттық порталы 
Пікірлер