Әр үйде болуы тиіс 6 гүл

8756
Adyrna.kz Telegram

Үй гүлдері бөлме мен кеңселерді безендіріп қана қоймай, ауаны оттегімен қанықтандырады. Сонымен қатар, зиянды заттарды өзіне сіңіріп, суық тию мен депрессиядан қорғайды. «Адырна» ұлттық порталы  бөлмеге аса қажет үй гүлдерін назарларыңызға ұсынады:

Алоэ

 

Бұл үй гүлі линолеум шығаратын зиянды заттарды өз бойына сіңіреді. Түнде оттегіні көп өндіреді,сол себепті оны жатын бөлмеге қойған дұрыс. Ежелгі заманнан бастап адамдар алоэні сәттілік әкеледі, жаман адамдар мен зұлым күштерден қорғайды деп сенген. Бұл гүл қонақтарды ұнатпайды, сондықтан өсімдікті көзге көрінбейтін етіп жасырған дұрыс. Гүлдің көп қырлы дәрілік қасиеттерін айтпау мүмкін емес. Алоэ  - үйдегі жедел жәрдем. Оның шырыны бас ауруын, ас қорыту жолдарының ауруларын емдеуде қолданылады.

Герань ( пеларгония )

Герань - қарапайым және таңқаларлық пайдалы гүл. Оның жапырақтарынан компресс жасау арқылы  мұрын, отит, бас ауруы және дене жараларын емдеуге болады . Ал шырынынан емдік бальзам жасайды. Қызғылт, қызыл және ақ гүлдермен гүлдейтін, жалбыз, раушан, лимон, алма және сирень иістерін шашатын бұл тамаша өсімдік бүгінде өте жоғары бағаланады. Герань сіздің үйіңізді сәндеп қана қоймайды. Гүл тоқтап қалған ауаны сергітіп, оны ылғал мен патогендік микробтардан сақтайды, ал жазда шыбындарды қорқытады. Гүлді ас үй мен жатын бөлмеге қоюға болады.

Кактус

Бұл экзотикалық өсімдікті ежелгі уақытта тағам ретінде жеген. Одан дәрі-дәрмектер жасалып, инелері тіс тазартқыш ретінде қолданылған. Фэн Шуйдің айтуынша, бұл гүл жинақтауды бейнелейді, өйткені ол ылғалды өте үнемді жұмсауды біледі. Ең бастысы - өсімдікті тікенді көмекшіден энергетикалық вампирге айналдырмас үшін уақтылы суарып тұру керек. Кактусты жатын бөлмеге қоюға болмайды, бірақ ол кеңседе  міндетті түрде болуы керек.

Фиалка

Жыл бойы гүлдейтін сенполис үйдегі атмосфераға жағымды әсер етеді: адамның іс-әрекетке деген ынтасын оятады, әдептілік пен тіршілікті дамытады, үйге қуаныш пен үйлесімділік әкеледі. Ақ сенполияны кез-келген бөлмеге орналастыруға болады. Ол адамды тыныштандырып, алаңдаушылық пен мазасыздықты кетіреді. Асүйге қызғылт және қызыл сенполдарды қою керек. Күлгін түсті фиалкалар шығармашылық адамдарына өте пайдалы. Бұл гүлдер кеңістікті шығармашылық қуатпен толтырып, адамның шабытын ашуға көмектеседі.

Азалия

Азалия өз иелерін тіпті қыста гүлдейтін нәзік бүршіктерімен қуантады. Ол көздің шаршауын басады, ұйқысыздық пен компьютерде ұзақ жұмыс жасаудың салдарынан болатын қабынуды жояды. Сарапшылардың пікірінше, бұл гүл көру қабілетін жақсартады.

Спатифиллум

Халық бұл гүлді «Әйел бақыты» деп атайды. Спатифиллум адамның жеке өміріне сәттілік әкеледі деген түсінік бар : тұрмысқа шықпаған қыздарға  отбасы құруға, үйленген адамдарға келісім орнатуға көмектеседі.Сансевериа оттегінің көп мөлшерін шығарады, линолеум мен синтетика шығаратын токсиндерден қорғайды, иммунитетті жоғарлатады.

Дайындаған : Диана Асанова,

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер