АҚШ-та тағы бір тікұшақ өзенге құлады

1289
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

АҚШ-та Нью-Йорктің қарсы бетіндегі Джерси-Сити жағалауында орналасқан Гудзон өзеніне тікұшақ құлады. Aпат салдарынан бір адам көз жұмды. Тағы екі адам судан шығарылды, олардың жағдайы қалай екені әзірге нақтыланған жоқ, деп хабарлайды “Адырна”.

Жергілікті биліктің хабарлауынша, қайғылы оқиға бейсенбі күні, жергілікті уақытпен сағат 15:15 шамасында, қала пирсінің маңында болған. Оқиға орнына құтқару қызметтері дереу тартылды. Іздестіру-құтқару операциясына бірнеше кеме мен әуеден бақылау жүргізіп жатқан полиция тікұшағы жұмылдырылған.

Әуе көлігінің құлауына не себеп болғаны белгісіз. Нью-Йорк полициясы екі адамның судан тірідей шығарылғанын растады, алайда материал жарияланған сәтте олардың нақты жағдайына қатысты ресми ақпарат берілген жоқ.

Оқиға орны қоршауға алынып, апат болған маңда көлік қозғалысы уақытша шектелді.

Еске салайық, биыл қаңтарда АҚШ-та American Airlines әуе компаниясының жолаушылар ұшағы әскери тікұшақпен соқтығысып, Вашингтондағы Потомак өзеніне құлап түскен болатын. Ұшақ бортында 64 адам болған, олардың қатарында Ресейден келген мәнерлеп сырғанаушылар да болды. 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер