32 млн теңге. Алматы зообағының есепшісі де ақша жымқырды деген күдікке ілінді

704
Adyrna.kz Telegram
Фото: vlast.kz
Фото: vlast.kz

Алматы қаласындағы хайуанаттар бағында жұмыс істеген есепші-кассир 32 миллион теңгеден астам қаржыны иемденді деген күдікпен қамауға алынды. Бұл туралы Медеу аудандық прокуратурасы мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Тергеу материалдарына сәйкес, азаматша Н. 2015 жылдың желтоқсан айынан бастап 2016 жылдың қазан айына дейін көрсетілген қызметтер үшін сатылған билеттер туралы мәліметтерді компьютерден өшіріп, түскен қаражатты қалтасына басып отырған. Жымқырылған сома 32 миллион 390 мың теңгеден асқан.

"16 тамызда Алматы қаласы Медеу ауданы №2 сотының санкциясымен "Алматы зоологиялық бағына" тиесілі аса ірі көлемдегі қаржыны жымқырып, иемденді деген күдікке ілінген азаматша Н-ға қатысты қамауға алу бұлтартпау шарасы қолданылды", – делінген прокуратура хабарламасында.

Қазіргі уақытта оған ҚР Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы – “Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті аса ірі мөлшерде иемдену немесе ысырап ету” және 241-бабы – “Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасын бұзу” баптары бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Пікірлер