Үйдің шығаберісінде сырғанақ тепкен баланы көлік басып кетті

1124
Adyrna.kz Telegram

Астанада тұрғын үйдің пандусынан сырғанап түскен баланы көлік қағып кетті. Бала ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Instagram әлеуметтік желісінде видео пайда болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Бейнебақылау камераларынан алынған кадрларда баланың сырғанап түсіп, тұрғын үйлер арасындағы жолға шығып кеткені және оны көлік қағып кеткені көрінеді.

Полиция департаменті оқиғаға қатысты пікір білдірді. Оқиға 10 наурызда сағат 16:45 шамасында Аманжол Бөлекпаев көшесіндегі үйдің ауласында болған.

"Mitsubishi автокөлігінің жүргізушісі дәл сол сәтте пандустан сырғанап түскен баланы қағып кетті. Салдарынан 10 жастағы бала түрлі дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді", – деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Құқық қорғау органдары қазір бұл оқиға бойынша тексеру жүргізіп жатыр.

Астана полициясы жүргізушілерді аула ішіндегі аумақтарда аса сақ болуға және жылдамдық режимін сақтауға шақырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы давление всегда было 120\80, прекратите добавлять в еду...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер