Бес адам қаза тапты. АҚШ-та шағын ұшақ автотұраққа құлады

1139
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-тың Пенсильвания штатының Ланкастер қаласынан ұшып шыққан ұшақ апатқа ұшырап, автотұраққа құлады. Салдарынан бес адам қаза болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Ақпаратқа сәйкес. Әуе кемесінің бортында бес адам болған.э.

Ұшақ Ланкастер әуежайынан 00:26 Қазақстан уақытымен ұшып шыққан және Спрингфилд қаласына бағытталған. Борт тұраққа құлап, бірқатар көліктерді зақымдап, өрт шыққан. Бұл оқиға Ланкастер ауданындағы қарттар үйінің маңында болған.

Оқиға орнынан түскен бейнемазмұнда ұшақтың қирандылары мен қара түтінмен бірге өрттің шыққаны көрінеді. Кейбір көліктер де ұшақтың апатынан зардап шегіп, өртенген.

"Ұшақ жоғары ұшып кетіп, кейін солға бұрыла бастады да, кенеттен төмен түсіп, солға қарай бұрыла отырып құлады", – деп айтты CNN-ге берген сұхбатында куәгерлердің бірі.

Сонымен қатар, апат салдарынан жергілікті тұрғындар да жарақат алған. Оқиға орнында төтенше жағдай қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ұшақ ұшып шығып, көп ұзамай апатқа ұшыраған.

Еске салсақ, 3 наурызда Австралияның ең ірі авиакомпаниясы Qantas-тың Boeing 737 ұшағы Сидней әуежайына пилоттардың кабинасында түтін шыққаны үшін қонған. Ал 6 наурызда Мельбурн қаласында 17 жасар австралиялық жасөспірім ұшаққа қару мен патрон алып кірген.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер