Ресейдің екі өңірінде Telegram бұғатталды

1258
Adyrna.kz Telegram
Фото: yandex.kz
Фото: yandex.kz

РФ Дағыстан және Шешенстан аймақтарында Telegram мессенджері толығымен бұғатталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Дағыстан Республикасының цифрлық даму министрі Юрий Гамзатовтың мәліметінше, бұл шара құқық қорғау органдарының ұсынысымен енгізілген.

"Солтүстік Кавказ федералды округінің екі аймағында – Шешенстан мен Дағыстанда Telegram бұғаттау туралы шешім қабылданды. Себебі оны арам пиғылды адамдар жиі пайдаланып кетеді. Бұған Махачкала әуежайында болған тәртіпсіздіктер дәлел. Алдағы уақытта мессенджерге салынған шектеу алынып тасталуы мүмкін", – деді министр.

Айта кетейік, 2024 жылдан бастап Солтүстік Кавказ өңірінде Telegram-ның жұмысы тұрақсыз болған. Осыған байланысты жергілікті билік тұрғындарға басқа мессенджерлерді қолдануға кеңес беруде.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Пікірлер