"Мен Путинге сенемін". Дональд Трамп Украинадағы қақтығыс туралы мәлімдеме жасады

2796
Adyrna.kz Telegram
Фото: Михаил Метцель/ ТАСС
Фото: Михаил Метцель/ ТАСС

Дональд Трамп Украинадағы қақтығыс, Ресей және Иранмен келіссөздер туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен брифингте Украинадағы қақтығыс пен АҚШ-тың сыртқы саясатына қатысты бірқатар маңызды мәлімдеме жасады.

Трамп Ресей президенті Владимир Путиннің шын мәнінде бейбітшілікке ұмтылатынына сенім білдірді.

«Мен оған сенемін (ред. Путинге). Дәл қазір олар Украинаны аяусыз бомбалап жатыр. Бірақ шын айтсам, Украинамен мәміле жасау әлдеқайда қиын», – деді Трамп.

Сондай-ақ, ол АҚШ-тың Украинаға әскери көмегін жалғастыруы Киевтің бейбіт келіссөздерге дайындығына байланысты болатынын айтты.

«Егер олар келіссөз жүргізуге дайын болмаса – біз кетеміз. Өйткені біз үшін бастысы – қақтығысты реттеу», – деді Трамп.

Оның пікірінше, АҚШ Украинаға миллиардтаған доллар қаржы бөліп келеді, бірақ Еуропа елдері соғысты қалай аяқтау керектігін білмейді және қақтығыстың тез шешілуіне мүдделі емес.

Брифинг барысында Трамп Иранның жоғарғы жетекшісі аятолла Али Хаменеиге жаңа ядролық келісім жасау туралы ұсыныс жазылған хат жібергенін мәлімдеді.

«Мен оларға: "Келіссөздер жүргізуге дайын болсаңыздар жақсы, өйткені егер соғыс басталса, бұл өте жаман болады" деп жаздым», – деді Трамп.

Оның айтуынша, жаңа келісім Иран үшін соғысқа барудан әлдеқайда тиімді болар еді. Алайда, Иран билігі әзірге бұл хатқа жауап берген жоқ.

Трамп Канададан әкелінетін сүт өнімдері мен ағашқа айна шара ретінде кедендік салықтар енгізілетінін хабарлады.

«Біз мұны бүгін де істей аламыз, бірақ дүйсенбі немесе сейсенбіге дейін күтуіміз мүмкін», – деді Трамп.

АҚШ-тың бұрынғы президенті жасаған бұл мәлімдемелер халықаралық саясатта үлкен өзгерістердің орын алу мүмкіндігін көрсетіп отыр.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Приматывал это к коленями 3 ночи подряд и суставы не болят уже…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Муж поднял потенцию за 1 минуту! Использовал этот метод
Пікірлер