Ұлытау облысының әкімдігі мен «Казцинк» ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

2890
Adyrna.kz Telegram

Бүгін Ұлытау облысының әкімдігі мен «Казцинк» ЖШС арасында екіжақты ынтымақтастық және өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті.

Бұл келісім Ұлытау облысының экономикалық дамуын қолдауға, әлеуметтік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға бағытталған. Құжатқа қол қою барысында Ұлытау облысының әкімі және «Казцинк» ЖШС басшылығы екі тараптың серіктестігі өңірдің тұрақты дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.

Құжатқа сәйкес, «Казцинк» ЖШС ағымдағы жылы Ұлытау облысындағы Жәйрем кентінде іске асырылып жатқан 10 әлеуметтік жобаны қаржыландырады. Бұл жобалар денсаулық сақтау, спорт, инфрақұрылым және әлеуметтік нысандарды абаттандыру салаларын қамтиды.

2025 жылға арналған ірі бастамалардың ішінде төмендегілерді атап өтуге болады: спорт кешенінің құрылысы, 60 пәтерлі тұрғын үй құрылысы жобасы аясында сыртқы желілерді орнату және аумақты абаттандыру жұмыстары, сондай-ақ, қазандық және тұрғын үйлер үшін көмір сатып алу. Бұдан басқа, дәрігерлер мен мұғалімдерді қоса алғанда, бюджет саласының қызметкерлері үшін 20 пәтер сатып алу жоспарлануда.

Айта кетейік, Ұлытау облысының әкімдігі мен Казцинк компаниясы арасындағы ынтымақтастық 2022 жылдың қараша айында басталды, содан бері аймақтың дамуына және оның тұрғындарының өмір сүру деңгейін арттыруға оң әсер еткен көптеген жобалар іске асырылды.

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы в постели с мужем проблем не стало, использую старый...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Стальная потенция будет всю ночь! Вот что нужно сделать вечером
Пікірлер