32-ші республикалық дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалі өз мәресіне жетті

1203
Adyrna.kz Telegram

Халық шығармашылығы мен ұлттық өнерімізге арналған 32-ші республикалық дәстүрлі «Ұлытау үні» фестивалі өз мәресіне жетті.

Биылғы фестивальдің ерекшелігі - Жошы ұлысының 800 жылдығына арналған республикалық мульти аспапшылар конкурсының Қазақстан бойынша алғаш рет өтуі. Байқауға республикамыздың 10 облысынан конкурсанттар қатысты.

Сондай-ақ, фестиваль аясында ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, сазгер Сәкен Сейфуллиннің 130 жылдығына арналған «Сарыарқа саңлақтары» атты республикалық дәстүрлі әншілер байқауы өтті. Өнер додасына барлық облыстан 23 өнерпаз қатысты. Жақсыгелді Кемалов бастаған республикаға танымал дәстүрлі ән майталмандары Айгүл Қосанова, Еділ Құсайынов, Клара Төленбаевалар байқауға төрелік етті.

2 маусым күні әнші, ақын, сазгер, Қазақстанның еңбек сіңірген артисі, Береке Көшеновтің «Алдыңда жүрмін ән салып…» атты және бүгін ақын, Қазақстанның құрметті журналисі Мағзұмбек Машайықұлының «Өмірі өлеңмен өрілген» атты шығармашылық кеші өз дәрежесінде өтті.

Фестиваль аясында 90-шы жылдардағы командалық айтыс өнері қайта жанданып, Қостанай мен Ұлытау облыстары өнерде бақ сынасты.

Командалық айтысқа Жүрсін Ерманов, Аманжол Әлтаев, Дәулеткерей Кәпұлы, Елена Әбдіхалықова, Жанғали Жүзбай, Айгүл Елшібаевалар келіп төрағалық етті.

Пікірлер