Астанадағы мектепте оқушы құрдасына электрошокер қолданды

1157
Adyrna.kz Telegram
Ашық дереккөзден
Ашық дереккөзден

Астанадағы ақылы мектептердің бірінде 8-сынып оқушысы өз қатарласына электрошокер қолданып, оның есінен танып қалуына себеп болды. Оқиға білім ордасының дәлізінде орын алған, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы КТК телеарнасы.

Тоқ соққан оқушы бірден еденге құлап, мектептің медициналық пунктіне жеткізілген. Дәрігерлер оған алғашқы көмек көрсеткенімен, бала шамамен екі сағат бойы есін жия алмаған. Тек содан кейін ғана мектеп әкімшілігі жедел жәрдем шақырып, оқушы №2 көпбейінді ауруханаға жатқызылды. Дәрігерлер оның жағдайын тұрақтандырып, қажетті ем-дом жасады.

Бұл оқиға ата-аналардың наразылығын тудырды. Олар мектепке балалардың сөмкелерін тексеретін арнайы сканер орнатуды талап етуде.

"Ай сайын миллион теңгеден астам ақша төлейміз, бірақ балаларымыздың қауіпсіздігіне ешқандай кепіл жоқ. Оқушылар сыныпқа қалаған затын алып кіре беретін болса, жағдай бұдан да ушығуы мүмкін. Мектеп әкімшілігі қауіпсіздік шараларын күшейтуі тиіс", – дейді ата-аналардың бірі Әлия Дашкеева.

Құқық қорғау органдары оқиғаны "бұзақылық" бабы бойынша тергеуге алды. Бұзақылық жасаған оқушының ата-анасына хаттама толтырылып, тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта мектеп әкімшілігі мен тиісті органдар қауіпсіздік шараларын қайта қарастыруда.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер