Ұлы Жеңістің 80 жылдығы. Әскери шеруге 2,5 миллиард теңге бөлінбек

1377
Adyrna.kz Telegram
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

2025 жылы Астанада Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай ауқымды әскери шеру өтеді. Бұл шараның ұйымдастыру жұмыстарына мемлекеттік бюджеттен 2,5 миллиард теңге бөлінбек, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Қорғаныс министрлігі Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің өкілі, полковник Виталий Адамовичтің айтуынша, бөлінген қаражат жанар-жағармай мен қосалқы бөлшектерді сатып алуға, әскерилердің іссапар шығындарына, әскер қозғалысына және жаңа әскери формаларды тігуге жұмсалады.

Әскери шеру жаяу әскерлердің, механикаландырылған техниканың және әскери авиацияның қатысуымен өтеді.

Биылғы шерудің ерекшелігі – Қазақстан аумағында құрылған 23 дивизия мен бригадалардың жауынгерлік тулары алаңда көрсетіледі. Сонымен қатар, Әскери тарих мұражайында сақталған Т-34 танкі шеруге қатысады. Шеру кезінде соңғы жылдары сатып алынған қару-жарақ пен әскери техникалар көрсетіледі. Шеруге барлығы 4,5 мыңға жуық адам қатысады.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Пікірлер